BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі Құрылтай депутаты Дана Медеуовамен кездесті

Дана Зарылханқызы
Quryltai.kz
Бөлісу Telegram

Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуде Құрылтай депутаттары мен UNICEF арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар бала құқықтарын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту және денсаулық сақтау саласын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

Дана Медеуова балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше мән береді.

Өз кезегінде UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мустафа Сарвар елдің бала құқықтарын қорғау бағытындағы жетістіктерін атап өтті. Ол балалар мен жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары