Жауаптылардың жауапсыздығын қарапайым адамдардың жанұялары көтеруге тиіс емес

Жауаптылардың жауапсыздығын қарапайым адамдардың жанұялары көтеруге тиіс емес
фото: Қорғаныс министрлігі

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 9 сарбаздың қайғылы оқиғасына қатысты әлемуеттік желі қолданушылары да қапалы постар жазуда, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Айдың, күннің аманында, "Қазгидрометтің" барында Каспий теңізіндегі әскери жаттығуда 19 адам суға ағып кетеді, тоғызы қаза табады, тағы қалғаны іздестіріліп жатыр. Үшеуі әупіріммен құтқарылыпты. Құтқару құралдары туралы сұрақ көп.

Ауа райы күрт нашарлады дейді. Ал жаттығу деген сондай "күрт нашарлауға" төтеп беру үшін өткізілмейтін бе еді.

Жаңалықты алғаш естігенде, 19 адам жасанды түрде жоғалып, соны құтқару үшін жаттығу өткізілді деп ойлап қалғандар жалғыз емес шығармыз.

Соғыс емес, қақтығыс емес, соған дайын болуға жаттығатын машықтанудың нәтижесі осындай. Бұл Каспийдегі жаттығудың алғашқы құрбаны емес, 2015 жылы да БТР техникасы суға батқан, сарбаздар қаза тапқан. Тәжірибеден сабақ алмаудың салдары.

Президент кеңесіне ұқсайтын халық кеңесі ме, құрылтай ма, ресмилердің қандай жиыны болса да, тік тұрып 1 минуттық үнсіздік пен қаралы күн жариялайтын жөні бар. Ал жауаптылардың жауапсыздығын қарапайым адамдардың жанұялары көтеруге тиіс емес, - деп жазады журналист Қуанышбек Қари.