Жоламан Бигабыл Азия ойындарында чемпион атанды
Қазақстандық каратэші Жоламан Бигабыл Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Спортшы кумитэ бағдарламасының 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездескен Жоламан Бигабыл қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының Айти–Нагоядағы үшінші алтыны.
Қазақстанда WKF каратэ спорты 20 өңірде дамып келеді. Онымен 77 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның шамамен 25 мыңы – әйелдер.
Спортшыларды даярлауға 600-ге жуық жаттықтырушы жұмылдырылған. Олардың 140-қа жуығы ауылдық елді мекендерде жұмыс істейді.
Елімізде жыл сайын Kazakhstan Open халықаралық турнирі өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия және әлем чемпионаттарына іріктеу үшін рейтингтік дода ретінде өткізіледі.