200 Camry-дің ақшасы жүргізушісі бар көлік жалдауға жұмсалмақ: «ҚазМұнайГаз» 4,2 млрд теңгелік тендер жариялады
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүргізушісі бар жеңіл автокөліктерді жалға алу бойынша тендер жариялады. Сатып алудың жалпы құны – 4,19 млрд теңге, деп хабарлайды Baspasoz.kz. Бұл туралы "За нами уже выехали" телеграм каналы жазды.
ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүргізушісі бар жеңіл автокөліктерді жалға алу бойынша тендер жариялады. Сатып алудың жалпы құны – 4,19 млрд теңге.
Мемлекеттік сатып алу үш лотқа бөлінген:
693 млн теңге;
1,95 млрд теңге;
1,55 млрд теңге.
Өтінімдерді қабылдау 16 қарашаға дейін жалғасады.
Алайда компанияға нақты қанша автокөлік қажет екені, олардың қандай санатқа жататыны, жалдау мерзімі қанша уақытқа созылатыны және көліктер кімдерді тасымалдайтыны тендерлік хабарландырудан түсініксіз.
Атап айтқанда, лоттарға қойылатын техникалық талаптар ашық дереккөздерде жарияланбаған. Сатып алу карточкасында әр лот «бір қызмет» ретінде көрсетілген.
Салыстыру үшін: 4,19 млрд теңгеге шамамен 200 жаңа Toyota Camry автокөлігін сатып алуға болады.