3 қарашадағы валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша тұрады?
3 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада долларды орта есеппен 450,46 теңгеге өткізіп, 457,46 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары 502,46 теңгеден қабылдап, 512,46 теңгеден сатып жатыр. Ал рубльді өткізу бағасы 5,33 теңге болса, сатып алу құны 5,53 теңгені құрайды.
Алматыда долларды 452,23 теңгеге өткізуге, ал 454,38 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары 505,01 теңгеден қабылдап, 509,20 теңгеден сатуда. Ресей рублінің бағамы да белгілі болды: оны 5,30 теңгеге өткізіп, 5,42 теңгеге сатып алуға болады.
Шымкентте долларды өткізу бағасы орта есеппен 452,17 теңге, ал сатып алу құны 455,22 теңге болып тұр. Еуроны 505,76 теңгеге өткізіп, 509,74 теңгеге сатып алуға болады. Рубльді айырбастау орындары 5,32 теңгеден қабылдап, 5,41 теңгеден сатуда.
Ұлттық банктің 3 қарашаға белгілеген ресми бағамы бойынша:
1 АҚШ доллары – 453,64 теңге;
1 еуро – 508,17 теңге;
1 Ресей рублі – 5,59 теңге.
Айта кетейік, 2 қарашадағы Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 453,64 теңге болды. Осылайша, америкалық валюта алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 0,13 теңгеге арзандады.
Ақша айырбастау орындарындағы бағам қалаға, банкке және айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.