Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Inst: adelinazems

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Ұлттық құрама спортшысы әйелдер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының финалында сынға түсіп, мәреге екінші болып жетті.

Бас жүлдені Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы жеңіп алды.

Осылайша, Аделина Земс Қазақстан құрамасының қоржынына жеңіл атлетикадан тағы бір жүлде қосты.

Бұған дейін де қазақстандық жеңіл атлеттер Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында жүлделі орындарға ие болған еді.