BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Алматыда Ақжар Қапесовтің 80 жылдығы аталып өтті

Дана Зарылханқызы
https://t.me/madenietaqparat
Бөлісу Telegram

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында белгілі өнер қайраткері, профессор Ақжар Қапесовтің туғанына 80 жыл толуына орай "Ұстаз өнегесі – ұрпаққа аманат" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Тағылымды басқосуға мәдениет және өнер саласының белгілі өкілдері, академияның профессор-оқытушылары, шәкірттері мен ұстаздың отбасы мүшелері қатысты.

Жиын барысында Ақжар Қапесовтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасынан сыр шертетін деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар өнер қайраткерінің кәсіби шеберлігі мен сахна өнерін дамытуға сіңірген еңбегін еске алды. Әсіресе оның сахна пластикасын жетілдіруге қосқан үлесі, шығармашылық ізденістері мен жас өнерпаздарды тәрбиелеудегі ұстаздық өнегесі кеңінен сөз болды. Әріптестері мен шәкірттері профессордың өнерге деген адалдығы мен кәсіби ұстанымдары туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, Ақжар Қапесов Мемлекеттік ән және би ансамблінің бас балетмейстері қызметін атқарған. Ол сондай-ақ "Президент шыршасы", "Наурыз мейрамы" және "Ақ Жол" секілді ауқымды театрландырылған қойылымдардың режиссері ретінде де танылған.

Еске алу шарасы өнер қайраткерінің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және оның ұстаздық жолын кейінгі буынға үлгі етуге арналды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары