Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен екі дүркін әлем чемпионы жартылай финалда Вьетнам өкілі Зи Там Нгуенмен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті вьетнамдық боксшыға берді. Есеп – 0:5. Осылайша, Алуа Балқыбекова жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұл – қазақстандық боксшының Азия ойындарындағы алғашқы өнер көрсетуі.
Қазақстан құрамасынан алда Наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) және Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.