Қазақстандық белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Тараған ақпаратқа сәйкес, журналист бір күн бұрын денсаулығына байланысты шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін оның жүрегі тоқтағаны хабарланды.
Ғалым Сүлеймен отандық спорт журналистикасында ұзақ жыл еңбек етіп, көрермен мен оқырманға спорттық репортаждары және сараптамалық пікірлерімен танылды.
Ол әсіресе бокс пен күрес тақырыбын кеңінен жазып, түрлі жарыстарды комментатор ретінде жүргізген.
Сонымен қатар Ғалым Сүлеймен халықаралық және құрлықтық деңгейдегі спорттық додалардан хабар таратып, қазақстандық спорттың насихатталуына үлес қосты.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.