Денсаулығына байланысты үзіліс алған Елена Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады

Денсаулығына байланысты үзіліс алған Елена Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады
Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның 2026 жылғы қорытынды турниріне жолдама алғанын хабарлап, жанкүйерлерін алдағы жарысты тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Теннисші бұл жаңалығын WTA жариялаған видеода бөлісті.

"Баршаңызға сәлем! WTA-ның қорытынды турниріне жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Индиан-Уэллске келіп, біздің ойынымызды тамашалаңыздар", – деді Рыбакина.

WTA-ның қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді. Жарысқа маусым барысында үздік нәтиже көрсеткен теннисшілер қатысады.

Рыбакинадан бөлек, Арина Соболенко мен Мирра Андреева да турнирге қатысу құқығына ие болған.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңілген еді.