Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына өтті

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына өтті
https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

2026 жылғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталды. Қазақстан құрамасының төрт спортшысы да финалға жолдама алды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Жарыстың А тобында Тихон Варехин барлық сын нәтижесі бойынша 1520 ұпай жинап, төртінші орын иеленді. Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы болды.

Ал В тобында Лев Чувашов алтыншы орынға, Кирилл Стадник сегізінші орынға тұрақтады.

Осы нәтижелердің арқасында қазақстандық төрт бессайысшы да жарыстың финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы финал 20 қыркүйекте өтеді.