Қазақстанның ақылы жолдарында жазда 25,8 млн рет көлік жүрд
Қазақстандағы ақылы жолдардың 28 учаскесінде жаз айларында 25,8 млн көлік қозғалысы тіркелді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым-тамыз аралығында ақылы учаскелермен тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік жүрген.
Ең көп көлік Алматы – Қонаев бағытына тиесілі. Бұл жолда жаз бойы 4,3 млн-нан астам көлік қозғалысы тіркелген.
Одан кейінгі орындарда Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 2,68 млн және Шымкент – Тараз трассасы – 1,87 млн көлікпен тұр.
Туристер жиі баратын бағыттарда да көлік ағыны жоғары болған. Олардың қатарында Астана – Щучинск және Қарағанды – Балқаш бағыттары бар.