Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Спортшы 36:23.72 нәтижесімен мәреге бірінші болып жетіп, Қазақстан құрамасының биылғы Азия ойындарындағы алтын медальдар есебін ашты.
Жарыстың жүлдегерлері:
🥇 Рината Сұлтанова (Қазақстан) — 36:23.72
🥈 Чжан Хао (Қытай) — 36:28.40
🥉 Син Джиын (Оңтүстік Корея) — 36:56.14
Бұл — Рината Сұлтанованың Азия ойындарындағы екінші қатысуы. Ханчжоуда өткен алдыңғы додада ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль иеленген.
Қазақстанда тасжолдағы велоспорт 9 өңірде дамып келеді. Спортшыларды халықаралық жарыстарға жүйелі түрде дайындау, Азия чемпионаттарына қатысу және спорт резервін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Сұлтанованың жеңісі Қазақстан құрамасына ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді әкелді.