Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Ұлттық құрама спортшысы кумитэ бойынша 68 келіден жоғары салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсіп, Қазақстанға жарыстың алғашқы күніндегі төртінші алтын медальді әкелді. Бұл – Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен құрлық додасында да осы салмақта топ жарған.
Берульцева бұған дейін Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген. Ол бүгінде Қазақстанның жетекші каратэшілерінің бірі саналады.
Қазір WKF каратэ спорты еліміздің 20 өңірінде дамып келеді. Қазақстанда бұл спорт түрімен 77 мыңнан астам адам шұғылданады. Спортшыларды даярлауға 600-ге жуық жаттықтырушы жұмылдырылған, оның 140-ы ауылдық елді мекендерде еңбек етеді.
Софья Берульцеваның жеңісі Қазақстандағы каратэ спортының дамуы мен ұлттық құраманы даярлау жүйесінің нәтижесін көрсетті.