BASPASOZТолық нұсқа
Аймақ

Қызылордада мемлекеттік аудит қызметкерлеріне семинар өтті

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Қызылорда облысында мемлекеттік аудит саласының қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және қаржы саласындағы заң талаптарын орындау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Іс-шараға Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдері қатысты. Семинар "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту және мемлекеттік аудит қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру және бюджет қаражатының пайдаланылуын қадағалау тәртібі сөз болды.

Бұдан бөлек, қатысушылар Бюджет кодексі, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке қатысты заң талаптарын талқылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті нормалары да назардан тыс қалмады.

Семинар соңында мамандарға заң талаптарын күнделікті жұмыста дұрыс қолдану және қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары