BASPASOZТолық нұсқа
Аймақ

Өскеменде 250 оқушы домбырамен күй шертіп, ерекше флешмоб ұйымдастырды

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Өскемен қаласында Республика күніне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің 250 оқушысы ұлттық өнерді насихаттауға арналған ауқымды флешмоб өткізді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

«Ұлы дала мұрагерлері» атты музыкалық шара қаладағы «Maxi Mall» сауда орталығында ұйымдастырылды. Оған қатысқан жас домбырашылар көпшілік алдында өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Флешмоб барысында 250 оқушы бір мезетте домбыра тартып, қазақтың белгілі «Тепеңкөк», «Серпін» және «Жастар биі» күйлерін орындады. Сондай-ақ жас өнерпаздар «Ұрпақ үні» әнін шырқап, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын көрсетті.

Іс-шара қазақ халқының музыкалық мұрасын кеңінен таныстыруға, өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және Республика күнін ерекше атап өтуге бағытталды.

Сауда орталығында күмбірлеген домбыра үні жиналған жұртшылықтың назарын аударды. Оқушылардың бірлескен өнері көрермендерге ұлттық музыканың әсемдігін сезіндіріп, мерекелік шараның мазмұнын арттыра түсті.

«Ұлы дала мұрагерлері» флешмобы жас буынның дәстүрлі өнерге деген ықыласын көрсетіп, қазақтың күйшілік мұрасын дәріптеуге мүмкіндік берді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары