20 қазанда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?
20 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, еліміздің үш ірі қаласында шетел валюталарының сатып алу және сату бағасы әртүрлі қалыптасқан.
Астанадағы валюта бағамы
Елордадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 449 теңгеден өткізіп, 456 теңгеден сатып алуға болады.
Еуроны 501 теңгеден қабылдап, 511 теңгеден сатып жатыр. Ал Ресей рублін 5,25 теңгеден өткізіп, 5,45 теңгеден алуға болады.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда долларды айырбастау орындары орта есеппен 451,41 теңгеден қабылдап, 453,45 теңгеден сатады.
Еуроны 505,55 теңгеден өткізіп, 509,81 теңгеден сатып алуға болады. Рубльдің сатып алу бағасы 5,24 теңге болса, сату бағасы 5,35 теңгені құрайды.
Шымкенттегі валюта бағамы
Шымкентте долларды орта есеппен 452,37 теңгеден өткізіп, 453,17 теңгеден сатып алуға болады.
Еуроны айырбастау орындары 506,39 теңгеден қабылдап, 509,86 теңгеден сатады. Ал рубльді 5,27 теңгеден өткізіп, 5,32 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.
Ұлттық банктің 20 қазанға белгілеген ресми бағамы:
АҚШ доллары – 452,59 теңге;
Еуро – 507,67 теңге;
Ресей рублі – 5,48 теңге.
Айта кетейік, 19 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 452,59 теңге болды. Осылайша америкалық валюта алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 тиынға қымбаттады.
Ақша айырбастау орындарындағы бағам күн ішінде өзгеруі мүмкін.