29 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкенттегі доллар, еуро мен рубльдің сатып алу және сату бағалары жарияланды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, еліміздің үш мегаполисінде валюта бағамы бір-бірінен аздап ерекшеленеді.
Астанадағы валюта бағамы
Елордадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 451,85 теңгеге өткізіп, 458,85 теңгеге сатып алуға болады.
Еуроны сатып алу бағамы 502,88 теңге болса, сату бағасы 512,88 теңгеге жеткен. Ал Ресей рублін айырбастау орындары 5,43 теңгеден қабылдап, 5,63 теңгеден сатып жатыр.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда бір долларды орта есеппен 453,65 теңгеге өткізуге болады. Ал сатып алу құны 456,08 теңгені құрайды.
Еуроны айырбастау орындары 505 теңгеден сатып алып, 507,96 теңгеден сатады. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,37 теңге, ал сату бағасы 5,49 теңге деңгейінде қалыптасқан.
Шымкенттегі валюта бағамы
Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды 454,61 теңгеге өткізіп, 456,50 теңгеге сатып алуға болады.
Еуроны сатып алу бағасы 506,23 теңге болса, сату құны 510 теңгені құрайды. Ал рубльді 5,42 теңгеге өткізіп, 5,48 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.
Ұлттық банктің ресми бағамы
29 қазандағы ресми валюта бағамы мынадай:
АҚШ доллары – 457,09 теңге;
Еуро – 508,42 теңге;
Ресей рублі – 5,67 теңге.
Айта кетейік, 28 қазанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 457,09 теңгеге жеткен. Осылайша, АҚШ валютасы алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 теңгеге қымбаттаған.