27 қазанда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?
27 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының сатып алу және сату бағамдары жарияланды. Астана, Алматы және Шымкенттегі доллар, еуро және рубльдің орташа құны белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, еліміздің үш мегаполисінде валюта бағамдары бір-бірінен аздап ерекшеленеді.
Астанадағы валюта бағамы
Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары орта есеппен 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроны 502 теңгеге өткізіп, 512,01 теңгеге сатып алуға болады. Ал Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,35 теңге болса, сату бағасы 5,55 теңгені құрайды.
Алматы мен Шымкенттегі жағдай
Алматыдағы айырбастау орындарында долларды 452,06 теңгеге өткізіп, 454,22 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағамы 505,36 теңге, сату бағамы 509,85 теңге деңгейінде. Рубль тиісінше 5,38 және 5,50 теңгеден саудаланып жатыр.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы 452,47 теңге, ал сату бағамы 453,51 теңгені құрады. Еуроны 505,38 теңгеге өткізіп, 510,02 теңгеге сатып алуға болады. Рубльдің сатып алу құны 5,41 теңге, сату бағасы 5,48 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы қандай?
27 қазандағы ресми валюта бағамдары төмендегідей:
АҚШ доллары – 451,05 теңге;
Еуро – 504,95 теңге;
Ресей рублі – 5,60 теңге.
Еске салайық, 23 қазанда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 451,05 теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,96 теңгеге жоғары.
Айта кетейік, ақша айырбастау орындарындағы бағамдар нарықтағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.