Былтыр Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 962 мың адамға жетті
Былтыр Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 962 мың адамға жетті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
2025 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 962 мың адамға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47 пайызға көп. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Бұл деректер президент Қ.Тоқаевтың Синьхуа агенттігіне берген жазбаша сұхбатында айтылған.
Сұхбатта Қазақстан Президенті келесі жылы Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толатынына тоқталды. Бұл ретте саяси және экономикалық байланыстармен қатар, екі ел азаматтары арасындағы тікелей қарым-қатынастар да белсенді дамып келеді. 2026 жылы Қазақстан мен Қытайдың «Мәдениет жылын» өткізуі осы үрдістің жарқын дәлелі болды.
Өзара визасыз режимнің енгізілуі туризм саласының дамуына айтарлықтай серпін берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2025 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 962 мың адамға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47 пайызға көп екенін айтқан.