Германия 26 жылдан кейін шахматтан жүлде алды
Германия құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Бұл – неміс шахматшыларының аталған жарыста 2000 жылдан бергі алғашқы жүлдесі, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Өзбекстан құрамасы топ жарды. Үндістан екінші орын алса, Германия жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Турнир басталар алдында Германия құрамасы жүлдеге басты үміткерлердің қатарында болмаған. Соған қарамастан неміс шахматшылары сәтті өнер көрсетіп, үздік үштікке енді.
Германия бұған дейін шахмат Олимпиадасында соңғы рет 2000 жылы жүлде алған еді. Ол кезде неміс құрамасы күміс медаль иеленген.
Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы да Өзбекстандағы шахмат Олимпиадасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық шахматшылар турнирді жеңіліссіз аяқтап, екінші рет қатарынан вице-чемпион атанды.
Әйелдер арасында Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алса, Үндістан қола жүлдеге ие болды.