Италия мектептердегі бет жабатын киімге тыйым салуды жоспарлап отыр
Италия үкіметі мектептерде бет-жүзді толық жабатын бурка мен никаб киюге тыйым салуды көздеKazinform.йтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар сыныптардағы шетелдік оқушылардың санын шектеу ұсынылмақ, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.\
Бұл бастама туралы Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони «Италияның бауырлары» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған шарада мәлімдеді.
Мелонидің айтуынша, Италия мектептерінде оқушылардың бет-жүзі ашық болуы керек. Оның пікірінше, қандай да бір дәстүрге сілтеме жасап, жас әйелдердің бетін жасыруын талап етуге жол берілмеуі тиіс.
Бұдан бөлек, үкімет итальян қоғамына бейімделуде «елеулі қиындықтарға» тап болған шетелдік оқушылардың ата-аналарын итальян тілін үйренуге міндеттеуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ бір сыныптағы шетелдік оқушылардың санына шектеу енгізу ұсынылуда. Мелони итальян тілін білмейтін балалардың саны шамадан тыс көбейсе, олардың ортаға бейімделу үдерісі қиындайтынын айтты. Алайда нақты қанша оқушыға дейін рұқсат етілетіні әзірге белгісіз.
ISMU зерттеу орталығының дерегінше, Италия мектептеріндегі оқушылардың 11,6 пайызының Италия азаматтығы жоқ.