Қанат Мыңбаев азаматтардың өтініштерін тыңдады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кездесу барысында тұрғындар құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Қабылдауға келген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме берілді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер комитеттің құзыреті аясында қаралып, тиісті шаралар қабылданбақ.
Ведомство мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және өзекті мәселелерді дер кезінде қарастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.