BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Қазақстан Абу-Дабидегі халықаралық кітап көрмесіне қатысты

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстан Абу-Дабиде өткен 35-ші халықаралық кітап көрмесіне қатысты. Биылғы мәдени шараға әлемнің 95 елінен 1200-ге жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

«Парақта да, әлемді оқы» ұранымен өткен көрме аясында әдеби, мәдени және білім беру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстанның ұлттық стендінде отандық авторлардың еңбектері, заманауи қазақ әдебиеті, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар, ұлттық мәдени мұраға қатысты басылымдар және қазақстандық баспалардың жобалары таныстырылды.

Көрме барысында Қазақстан өкілдері шетелдік баспалармен, әдеби агенттіктермен және мәдени ұйымдармен кездесті. Кездесулерде қазақ әдебиетін шет тілдеріне аудару, қазақстандық авторлардың шығармаларын халықаралық нарықта таныту және бірлескен әдеби-мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанның көрмедегі бағдарламасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі және Nomad мәдениет қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары