BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Ким Чен Ын Ресей халқын "бауырлас халық" деп атады

Ақбарыс Жолшыбай
Ким Чен Ын мен Владимир Путин. Фото: Contributor/Getty Images
Бөлісу Telegram

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге қолдау білдіріп, ресейліктерді "бауырлас халық" деп атады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

РИА Новости мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин КХДР құрылғанының 78 жылдығына орай құттықтау жолдаған. Оған жауап ретінде Ким Чен Ын Ресей басшысына жеделхат жіберген.

Жолдауында ол Мәскеуді алдағы уақытта да қолдайтынын айтып, Ресейдің қазіргі қақтығыста жеңіске жететініне сенім білдірді.

"Мен Ресей федерациясының елдің қауіпсіздік мүдделерін қорғаудағы және халықаралық әділдік жолындағы бүгінгі соғыста жеңіске жететініне кәміл сенемін. Сізді және бауырлас Ресей халқын әрдайым қолдауға уәде беремін", – делінген жеделхатта.

Ким Чен Ынның айтуынша, қазіргі таңда екі мемлекет өзара сенім мен ынтымақты нығайтып, халықаралық аренада бірлесіп әрекет етіп келеді.

Сондай-ақ ол Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді.

"Достық, тату көршілік, өзара көмек дәстүрлеріне және берік одақтастық қатынастарға негізделген Корей-Ресей қарым-қатынасының жарқын болашағы туралы ортақ түсінікке сүйене отырып, РФ-пен бірлескен істі жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге деген менің және КХДР үкіметінің еркі өзгермейді", – деді Ким Чен Ын.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары