BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Музыка сыншысы Сергей Соседов 58 жасында өмірден өтті

Дана Зарылханқызы
ru.wikipedia.org
Бөлісу Telegram

Ресейлік музыка сыншысы, журналист әрі тележүргізуші Сергей Соседов 58 жасында қайтыс болды. Ол Якутияға жұмыс сапарымен барған кезде жазатайым жағдайға ұшыраған, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ТАСС мәліметінше, Соседовтің қайтыс болғанын оның жақын ортасы растаған. Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып «Суперстар!» жобасындағы әріптесі Вадим Такменев жеткізді. Ол Соседовтің жоба командасының маңызды мүшесі болғанын атап өтті.

SHOT дерегіне сәйкес, Сергей Соседов Нерюнгри қаласына «Жемчужина Дальнего Востока» халықаралық байқауының қазылар алқасына қатысу үшін барған. Байқаудың финалы 25 қыркүйекке жоспарланған еді.

Сыншының анасы Антонина Соседова РЕН ТВ арнасына ұлының қонақүйде баспалдақтан құлап, басынан ауыр жарақат алғанын айтқан.

Оқиғадан кейін Соседов ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. StarHit басылымы сыншының достарына сілтеме жасап, алған жарақаты миының ісінуіне әкелгенін хабарлады.

Сергей Соседов кейінгі жылдары «Суперстар!» музыкалық шоуының тұрақты қатысушыларының бірі болды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары