BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Насымжан Оспанова жаңа қызметке тағайындалды

Дана Зарылханқызы
https://t.me/oqu_agartu
Бөлісу Telegram

Насымжан Оспанова Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Насымжан Жамбекқызы жаңа лауазымға ротация тәртібімен ауыстырылды. Ол Оқу-ағарту министрлігінің елордадағы аумақтық департаментіне жетекшілік етіп, білім беру жүйесіндегі жұмысын жалғастырады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Насымжан Оспановаға балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Насымжан Оспанова еңбек жолын өндірістік оқыту шебері қызметінен бастаған. Кейін оқытушы, директордың орынбасары және колледж басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментін басқарды. Ал 2022 жылдың қазан айында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңа қызметінде Насымжан Оспанова Астанадағы білім беру сапасын бақылау, оқу үдерісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарының заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары