BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Олжас Бектенов экономиканы дамытуға қатысты жаңа ұсыныстарды талқылады

Дана Зарылханқызы
https://t.me/KZgovernment
Бөлісу Telegram

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында ел экономикасын дамыту, инвестиция тарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кеңес отырысына қатысқан халықаралық сарапшылар Қазақстанның экономикалық әлеуетін күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды. Тараптар әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайды саралап, экономикалық өсімді жеделдетудің тиімді жолдарын талқылады.

Жиында экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өндіріс салаларын әртараптандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар еліміздің өнеркәсіптік саясатын жетілдіру және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы бастамалар қарастырылды.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанға шетелдік инвестиция көлемін ұлғайту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай қалыптастыру және жеке бизнестің экономикадағы рөлін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.

Бұдан бөлек, өңірлердің өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, олардың өнеркәсіптік мамандануын дамыту және отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелері қозғалды. Стратегиялық инвесторларды тарту мен экономикалық жобаларға жеке капиталдың қатысуын арттыру да назардан тыс қалмады.

Отырыс қорытындысында Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға халықаралық сарапшылар ұсынған бастамаларды жан-жақты зерделеп, олардың тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары