Стамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып түсті
Түркияның Стамбұл қаласында жеті қабатты тұрғын үйдің үш қабаты опырылып түсті. Құтқарушылар үйінді астынан бірнеше адамды алып шықты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Оқиға Стамбұлдың шығыс бөлігінде болған. Провинция губернаторы Давут Гюль үйінді астында адамдар болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ғимарат 1987 жылы салынған. Үйдегі 12 пәтерде барлығы 33 адам тұрған.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғындарды эвакуациялау шаралары жүргізілуде.
Үйінді астынан үш адам құтқарылған. Олардың арасында 14 жастағы жасөспірім де бар.
Құтқарылғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.