BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Танымал әнші отырған ұшақ қонғаннан кейін өртеніп кетті

Ақбарыс Жолшыбай
видеодан скриншот
Бөлісу Telegram

Бразилияда әнші Рей Вакейро мінген жолаушылар ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, артынша өртенді. Борттағы сегіз адамның барлығы дер кезінде эвакуацияланған, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы Парельяс әуежайында болған.

Sahara Reporters басылымының мәліметінше, Cessna 550 Citation Bravo ұшағы қону кезінде жолақтан шығып кеткен. Осыдан кейін әуе кемесінен өрт шығып, жалын екі қозғалтқышты да шарпыған.

Ұшақта әнші Рей Вакейроны қосқанда сегіз адам болған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері әуе кемесінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Кейбір адамдардың жеңіл жарақат алғаны хабарланды. Ауыр зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер жалынды бірнеше сағат бойы сөндірген. Алайда ұшақ өрт салдарынан толықтай жанып кеткен.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеолары да тарады. Кадрлардан ұшақ қонғаннан кейін оның алдыңғы бөлігіне жалын жайылғанын көруге болады.

Қазір апаттың мән-жайын Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы – CENIPA зерттеп жатыр. Мамандар ұшақтың не себепті ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін және өрттің неден тұтанғанын анықтайды.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары