BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Тәжікстанда магнитудасы 4,8 жер сілкінісі болды

Дана Зарылханқызы
Canva
Бөлісу Telegram

25 қыркүйекте Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 10:35-те болған.

Жер сілкінісінің ошағы 38,22 градус солтүстік ендік пен 72,51 градус шығыс бойлықта орналасқан. Оның магнитудасы 4,8, энергетикалық класы 11 болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 234 шақырым тереңдікте жатқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары