BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев Ақтоғайдағы мыс балқыту зауытының құрылысын бастады

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Президент жаңа өндіріс орнының ел экономикасын дамытуға серпін беретін маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия саласының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтып, бұл бағыттағы міндеттер былтырғы халыққа Жолдауында да көтерілгенін еске салды.

"Жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істеліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады. Баршаңызға мәлім, бүгінде Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басты. Біз біртұтас әрі жасампаз жұрт болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы елде жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты халықтың тұрмыс сапасын жақсарту екенін жеткізді. Оның айтуынша, қабылданған Конституцияда елдің негізгі құндылықтары мен қағидаттары көрініс тауып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру стратегиялық басымдық ретінде белгіленген.

Президент Ақтоғайдағы жаңа өндіріс орны сияқты ірі жобалар елдің экономикалық әлеуетін нығайтып, халықтың игілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары