BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен келіссөз өткізді

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетпен шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға қошемет көрсетіп, оның Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президент бұл сапардың тарихи маңызына тоқталып, Камбоджа Үкіметінің басшысы Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келгенін айтты. Сондай-ақ Хун Манеттің әкесі 1982 жылы Қазақстанда болғанын еске салды.

“Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы туристік және мәдени байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, қазақстандықтардың Камбоджаға саяхаттауға қызығушылығы жоғары. Осыған байланысты елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар Президент гуманитарлық ынтымақтастықты жандандырудың маңызын атап өтті.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Камбоджаның табиғи ресурстарға бай мемлекеттер екені айтылып, осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды.

Бұдан бөлек, тараптар сауда-экономикалық әріптестікті нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары