Тоқаев Норвегия Королі VIII Хаконды таққа отыруымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хаконға таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Президент жеделхатында бұл күн Норвегия монархиясының көп ғасырлық тарихында жаңа кезеңнің басталғанын атап өтті. Оның сөзінше, монархия елдің сабақтастығы, бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігі саналады.
Қасым-Жомарт Тоқаев VIII Хаконның елге адал қызметі Норвегияның одан әрі дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Норвегия арасындағы ынтымақтастықтың ортақ күш-жігер нәтижесінде алдағы уақытта да нығая түсетінін атап өтті.