Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазан аралығында Түркияға ресми сапар жасайды. Мемлекет басшысы елге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен барады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Сапар аясында Анкара қаласында екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Аталған сапар Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси диалогты дамытуға және түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.