BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Трамп Илон Маскқа АҚШ-тың ең жоғары ғылыми марапатын табыстады

Ақбарыс Жолшыбай
Илон Маск пен Дональд Трамп. Фот: Win McNamee/Getty Images
Бөлісу Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп кәсіпкер Илон Маскқа елдегі ғылым саласындағы ең жоғары марапаттардың бірі – Ұлттық ғылым медалін табыстады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Марапаттау рәсімі 8 қазанда өткен Science: A New Golden Age саммиті аясында ұйымдастырылды. Ақ үйдің мәліметінше, Илон Маск марапатқа ғарышты игеру, интеллектуалды жүйелер, байланыс технологиялары мен өндіріс саласындағы ауқымды инженерлік жетістіктері үшін ие болған.

Сол күні Ұлттық ғылым медалі Google компаниясының негізін қалаушы Сергей Бринге, Nvidia басшысы Дженсен Хуангқа және AMD басшысы Лиза Суға да табысталды.

Ал Dell Technologies негізін қалаушы Майкл Делл мен Microsoft бас директоры Сатья Наделла Ұлттық технология және инновация медалімен марапатталды.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл марапаттар ғылым мен технология саласындағы ерекше жетістіктері және АҚШ-тың ғылыми-технологиялық әлеуетіне қосқан үлесі үшін беріледі.

Илон Маскқа табысталған медальдің ресми сипаттамасында оның «аса ауқымды әрі өршіл инженерлік жобалары ғарышты зерттеу, байланыс және интеллектуалды жүйелердің жаңа мүмкіндіктерін ашқаны» атап өтілген.

Салтанатты шара барысында Дональд Трамп АҚШ-тың ғылым мен технология саласындағы көшбасшылығын сақтауда марапат иелерінің еңбегін жоғары бағалады.

Ақ үйдің мәліметіне сәйкес, Ұлттық ғылым медалі 1963 жылдан бері ғылым саласына айрықша үлес қосқан тұлғаларға беріледі.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары