Трамп Вашингтондағы Триумф аркасын әскери нысанға айналдырмақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда жоспарланып отырған Триумф аркасын әскери нысанмен біріктіруді ұсынды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп бұл туралы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды. Оның мәлімдеуінше, шешім АҚШ Қарулы күштерінің ұсынысы және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып қабылданған.
Жоспарға сәйкес, нысанда көп мөлшерде дрон сақталып, оларды қажет болған жағдайда жедел іске қосу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар ғимараттың төбесі мен оған іргелес аумақта мергендер орналастырылмақ. Кешенде мерген қаруына арналған оқ-дәрілер де сақталуы мүмкін.
Трамп мұндай нысанның әлемде теңдесі болмайтынын айтты.
АҚШ президенті Вашингтонды әлемдегі 59 ірі қала мен астананың арасында Триумф аркасы жоқ жалғыз қала деп атады.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп 2019 жылы құрылған АҚШ Ғарыш күштеріне ұқсас жасанды интеллект күштерін құру туралы мәлімдеген болатын.+