BASPASOZТолық нұсқа
Әлем

Түркияның оңтүстігінде магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Дана Зарылханқызы
Canva
Бөлісу Telegram

Түркияның Адана провинциясында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері көршілес төрт өңірде сезілген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:02-де Адана провинциясының Сайымбейлі ауданында болған.

Жерасты дүмпулері Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында сезілген.

AFAD қазіргі уақытта жер сілкінісінің қандай да бір кері әсері немесе қирау фактілері тіркелмегенін хабарлады. Мамандар аумақта тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Адана провинциясының әкімдігіне де жер сілкінісінен кейін ғимараттардың қирағаны туралы хабарлама түспеген. Төтенше жағдай қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары