Вучич Сербия президенті қызметінен қашан кететінін айтты
Сербия президенті Александр Вучич қызметінен қыркүйектің 25-і немесе 26-сында кететінін мәлімдеді. Ол бұл шешімін Нью-Йорктен оралған соң жүзеге асыратынын айтты, деп Baspasoz.kz тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Нью-Йорктен оралған бойда отставкаға кетемін. 25-і ме, әлде 26-сы ма, нақты айта алмаймын, бірақ бұл күндері қызметімді тапсырамын», – деді Вучич.
Президенттің айтуынша, ол сайлау науқанының соңғы айын қарапайым азамат ретінде өткізуді жоспарлап отыр. Кейін Вучич Сербияның премьер-министрі болуға ниетті.
Бұған дейін, 9 қыркүйекте Александр Вучич Сербия парламентін таратып, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетінін жариялаған болатын. Сайлау 25 қазанға белгіленді.
Вучичтің президенттік өкілеттік мерзімі 2027 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс еді. Алайда ол мерзімінен бұрын президент қызметінен кететінін мәлімдеді.
Сонымен қатар Александр Вучичтің Сербия премьер-министрі қызметіне кандидат ретінде ұсынылғаны белгілі болды.