BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

«Жеңілетініме сенбедім»: Бағдат Сабаз әлем чемпионатындағы жеңісі туралы айтты

Дана Зарылханқызы
https://t.me/olympickz
Бөлісу Telegram

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған қазақстандық балуан Бағдат Сабаз жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті. Спортшы шешуші белдесудің қалай өткенін айтып, өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс жеткізді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен кездесуде Олимпиада жүлдегерімен күш сынасқан. Оның айтуынша, қарсыласы тәжірибелі әрі мықты болғандықтан, белдесу оңайға соқпаған. Соған қарамастан балуан соңына дейін күресіп, жеңіске жеткен.

«Қола жүлде үшін өткен белдесудегі өнеріме көңілім толды. Қарсыласым осал емес, Олимпиада жүлдегері. Белдесу өте тартысты әрі ауыр өтті. Әлем чемпионаты өз жерімізде өтіп жатқандықтан, барымды салдым», – деді спортшы.

Бағдат Сабаз кездесу барысында қарсыласынан төрт ұпайға қалып қойғанын да жасырмады. Алайда есептегі айырмашылық оның жігерін жасыта алмаған. Балуан соңғы сәтке дейін жеңіске жететініне сенгенін айтты.

«Төрт ұпай айырмасымен жеңіліп жатқанда да іштей жеңіске жететініме сендім. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысымды білдіремін. Олардың қолдауын сезіндім. Сондай-ақ жеке жаттықтырушы мен бас бапкерге көп рақмет. Сол кісілердің арқасында жеңіске жеттім», – деді ол.

Әлем чемпионатының өз елінде өтуі балуанға ерекше жауапкершілік жүктеген. Спортшы жанкүйерлердің қолдауы мен жаттықтырушыларының еңбегі жүлделі орынға қол жеткізуіне үлкен әсер еткенін атап өтті.

Алдағы жоспарына тоқталған Бағдат Сабаз салмақ дәрежесін өзгертпейтінін жеткізді. Ол 67 келіде белдесуді жалғастырып, келесі жылғы әлем чемпионатына дайындалмақ.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары