Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турнирінен бастайтынын мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
16 қазанда Елена Рыбакина мен Германия теннисшісі Александр Зверевтің Brisbane International турниріне қатысатыны белгілі болды. Олар жарысқа қатысатынын алғаш болып растаған спортшылар атанды.
Рыбакина үшін Брисбендегі турнирдің орны ерекше. Өйткені қазақстандық теннисші 2024 жылы дәл осы жарыста топ жарып, чемпион атанған еді.
«Жаңа маусымды Брисбенде бастайтынымды асыға күтіп жүрмін. 2024 жылы мұнда чемпион атану мен үшін ерекше сәт болды. Бұл турнирде ойнағанды жақсы көремін. Жанкүйерлері керемет, атмосферасы да ерекше. Кортқа қайта оралатын күнді тағатсыздана күтіп жүрмін», – деді Рыбакина.
Айта кетейік, Brisbane International турнирі 2027 жылғы 3–10 қаңтар аралығында өтеді.