АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын әйел анасының кеңесімен лотерея билетін сатып алып, 500 мың доллар, яғни шамамен 240 млн теңге ұтып алды, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
UPI басылымының хабарлауынша, Джайлс округінің тұрғыны анасымен бірге супермаркетке сауда жасауға барған. Сол жерде анасы қызына бағын сынап, лотерея билетін сатып алуды ұсынған.
Әйел анасының сөзін тыңдап, билет алған. Кейін оның қорғаныш қабатын өшірген кезде бас жүлдені ұтып алғаны белгілі болды.
Жеңімпаздың айтуынша, күтпеген олжа екеуін де қатты таңғалдырған.
«Анашым, біз жарты миллион доллар ұтып алған сияқтымыз! Сол сәттегі түрімізді көрсеңіздер ғой!» – деді ол.
Осылайша, дүкенге күнделікті сауда жасау үшін барған әйел анасының бір ауыз кеңесінің арқасында 500 мың долларлық жүлдеге ие болды.