Германияның Федералдық барлау қызметін (BND) 1998-2005 жылдары басқарған Август Ханнинг тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
BILD мәліметінше, бұрынғы барлау басшысына мемлекеттік құпияға жататын ақпаратты жинау, мемлекетке опасыздық жасау және шетелдік держава пайдасына тыңшылық жүргізу айыптары тағылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Ханнинг BND-нің басшылық құрамында жұмыс істеп, кейін қызметтен кеткен қызметкерден құпия ақпарат сатып алып отырған. Кейін бұл мәліметтерді басқа тараптарға қайта сату жоспарланған болуы мүмкін.
Істі Германияның федералдық бас прокуроры тергеп жатыр. Тергеу аясында Ханнингпен бірге оның ықтимал сыбайласының әрекеті де тексерілуде.
Август Ханнинг кейінгі жылдары қауіпсіздік және бизнес салаларында халықаралық кеңесші ретінде жұмыс істеген. Оның Ресей және Қытаймен, соның ішінде мемлекеттік құрылымдармен байланыстары болғаны айтылады.
Сондай-ақ БАҚ дерегінше, соңғы уақытта Ханнинг Балтық елдеріндегі банктердің бірінің банкрот болуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болған. Ол аталған банктің бақылау кеңесінің мүшесі болған.