Иран президенті Ормуз бұғазын ашудың шартын айтты

Иран президенті Ормуз бұғазын ашудың шартын айтты
ЖИ арқылы жасалған

Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ тарапынан жасалған блокада мен шабуылдар тоқтаған жағдайда Ормуз бұғазы ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол үндістандық India Today телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Пезешкианның сөзінше, АҚШ соғыс арқылы көздеген мақсатына жете алмағаннан кейін экономикалық қысымға көшкен. Алайда Иран бұған қарамастан өз ұстанымынан бас тартпайтынын жеткізді.

Иран басшысы теңіз блокадасы арқылы да АҚШ өз мақсатына жете алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, теңіз жолы Иранның өмір сүруіне қажет жалғыз бағыт емес.

Сондай-ақ Пезешкиан Ормуз бұғазына қатысты Иран мен Оман сыртқы істер министрлерінің Маскатта кездесуі жоспарланғанын хабарлады. Кездесуде бұғаз арқылы бірлескен теңіз бағытын құру жөніндегі келісімді рәсімдеу және оны Халықаралық теңіз ұйымына ұсыну мәселесі қаралмақ.

Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы қазір АҚШ-тың қатаң бақылауында екенін мәлімдеді. Ол теңіз блокадасын «өте табысты» деп бағалап, америкалық күштер тәулігіне орта есеппен 25 кемені тоқтататынын айтты.