Қазақстанда доллар арзандады: 16 қазандағы валюта бағамы
16 қазанда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 452,12 теңгені құрады, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бір тәулікте доллар 1,79 теңгеге арзандады.
Елдегі ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
Доллар: сатып алу – 451–452,5 теңге, сату – 453–454 теңге;
Еуро: сатып алу – 504–507 теңге, сату – 509–511 теңге;
Рубль: сатып алу – 5,24–5,28 теңге, сату – 5,31–5,35 теңге.
Сонымен қатар әлемдік мұнай нарығында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстік келісімшарттарының бағасы барреліне 105,6 доллар деңгейінде қалыптасты.