Қазақстанда доллар арзандады: 16 қазандағы валюта бағамы

Қазақстанда доллар арзандады: 16 қазандағы валюта бағамы
ЖИ арқылы жасалған

16 қазанда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 452,12 теңгені құрады, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір тәулікте доллар 1,79 теңгеге арзандады.

Елдегі ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:

Доллар: сатып алу – 451–452,5 теңге, сату – 453–454 теңге;

Еуро: сатып алу – 504–507 теңге, сату – 509–511 теңге;

Рубль: сатып алу – 5,24–5,28 теңге, сату – 5,31–5,35 теңге.

Сонымен қатар әлемдік мұнай нарығында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстік келісімшарттарының бағасы барреліне 105,6 доллар деңгейінде қалыптасты.