BASPASOZТолық нұсқа
Ғылым

Өндіріс пен ауыл шаруашылығына арналған зерттеулер таныстырылды

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Ualikhanov University-де өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ғылыми жобалар таныстырылды. Халықаралық конференцияда ғалымдар жасанды интеллектіні өндірісте пайдалану, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және егін шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

«Смағұл Сәдуақасұлы оқулары» аясында өткен «Ғылым және бизнес: өндірістегі инновациялар» атты жиынды университеттің Смағұл Сәдуақасов атындағы агротехникалық институты ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Германия, Түркия, Эфиопия және өзге де елдерден ғалымдар, оқытушылар мен жас зерттеушілер қатысты.

Конференцияның ашылуында университет ректоры Марат Сырлыбаев Смағұл Сәдуақасовтың ұлттық өнеркәсіп пен білімді дамытуға қатысты идеялары бүгін де маңызын жоғалтпағанын атап өтті. Оның айтуынша, ғылыми жаңалықтардың нақты пайдасын көру үшін жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Жиында Германиядан Мартин Рудольф, Түркиядан Октай Шахбаз, Эфиопиядан Йоханнес Дугума және қазақстандық зерттеушілер баяндама жасады. Олар ғылыми жаңалықтарды кәсіпорындарда қолдану, жаңа технологияларды өндіріске бейімдеу және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жолдарын қарастырды.

Конференция төрт бағыт бойынша жалғасты. Инженерия, құрылыс және ақпараттық технологиялар секцияларында өндірісті цифрландыру, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалану және заманауи құрылыс тәсілдерін енгізу мәселелері сөз болды.

Ал ауыл шаруашылығына арналған талқылауларда егін өнімділігін арттыру, жердің құнарын сақтау және егістік алқаптарын дәлме-дәл егіншілік технологиялары арқылы басқару жолдары қаралды. Экология саласындағы мамандар өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаға келетін зиянды азайту мәселелеріне назар аударды.

Қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін университеттер, зерттеу орталықтары мен бизнес өкілдерінің ынтымақтастығын күшейту маңызды екенін атап өтті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары