Түркістанда кітап оқу мәдениетіне арналған семинар өтті

Түркістанда кітап оқу мәдениетіне арналған семинар өтті
https://t.me/madenietaqparat

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» атты семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Басқосу Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында өтті.

Жиынға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, кітапханашылар, ақын-жазушылар, журналистер мен баспа ісінің өкілдері қатысты.

Семинарда халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетін кеңінен таныту, отандық баспа ісін өркендету және тұрғындардың кітапқа қолжетімділігін жақсарту жолдары сөз болды. Сонымен қатар қатысушыларға «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының қалай өтіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Жиында 2027–2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасы да таныстырылды.

Аталған құжатта қазақстандық қаламгерлер мен баспаларға қолдау көрсету, кітапханалардың жұмысын заман талабына сай жетілдіру және кітап оқуды қоғамның күнделікті дағдысына айналдыру міндеттері қарастырылған.