Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Үкіметінің басшысы Хун Манет екі елдің ресми делегация құрамын бір-біріне таныстырды.
Бұдан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Президент оркестрі Қазақстан мен Камбоджаның мемлекеттік әнұрандарын орындады.