ІІМ-де қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселелері қаралды

ІІМ-де қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселелері қаралды
Gov.kz

Ішкі істер министрлігінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы саласындағы жұмыстардың биылғы тоғыз айдағы нәтижелері талқыланды. Жиын Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Игорь Лепеханың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кеңеске министрлік басшылығы, өңірлік полиция бөлімшелерінің жетекшілері, Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және Ұлттық ғылым академиясының Жер, ғарыш және коммуникациялар ғылымдары орталығының директоры, профессор Шамсигуль Кобдикова қатысты.

Жиын басталар алдында полиция қызметкерлерінің саптық дайындығы тексеріліп, олардың қызметтік киім үлгісін сақтауына және сыртқы келбетіне назар аударылды.

Отырыста құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және автомобиль жолдарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ жол-техникалық инспекцияның жұмысы қаралып, жол апаттарының санын азайту мен заманауи бақылау технологияларын қолдануға басымдық берілді.

Кеңес соңында өңірлік полиция бөлімшелеріне анықталған кемшіліктерді түзету, алдын алу шараларын күшейту және қызмет тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырма жүктелді.

Ведомство азаматтардың қауіпсіздігін қорғау және “Заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асыру полиция жұмысының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.